Уханьдағы коронавирус туралы ең бірінші ескерткен дәрігер қайтыс болды
Уханьдағы коронавирус туралы ең бірінші ескерткен дәрігер қайтыс болды
Фото: Дереккөзден алынды
375
оқылды
Алғашқылардың бірі болып коронавирус туралы ескерткен ухандық дәрігер қайтыс болды. Алғашында ол жалған ақпарат таратты деп айыпталған еді, - деп жазады Global Times. Басылым мәліметінше, Ли Вэньлян 6 ақпанда Уханда қайтыс болған. Оның коронавирус жұқтырғаны 1 ақпанда расталған. [caption id="attachment_3102" align="alignnone" width="740"] width= Фото: Дереккөзден алынды[/caption] Уханьның Орталық ауруханасының дәрігері былтыр 30 желтоқсанда әріптестеріне теңіз өнімдері сатылатын «Хуанан» базарында 7 бірдей оқиға тіркелгенін айтқан. Ол бастапқыда жаңа коронавирус басқа штам түріне жататынын білмеген. Дәрігердің жазбасы желіде тарап кеткен. Түн уақытында Уханьдағы денсаулық сақтау басқармасының шенеуніктері дәрігерді шақырып, неліктен қауесет таратып жүргенін түсіндіруді талап еткен. Артынша дәрігер полициядан ресми ескерту алып, оған қоғамдық толқу тудыруы мүмкін қауесетті таратты деген желеумен айып тағылған. Алайда тек бір айдан кейін Қытайдың Жоғарғы соты бұл ақпаратты жасырып қалудың қажеті жоғын мойындаған. Ал дәрігер бұл уақыт аралығында науқастарға көмек көрсетуін жалғастырған. 10 қаңтарда Ли Вэньлян әлсіреп қалған, сонымен қатар, оның туыстары да ауырып қалған. Бірінші ақпанда дәрігер 2019-ncov вирусын жұқтырғанын айтқан.