Бүгін, 12 қыркүйекте Қазақстан ерлер құрамасы Жапонияның Аичи-Нагоя қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында екінші кездесуін өткізді.
С тобында сынға түсіп жатқан Қазақстан құрамасы бұл жолы Филиппин баскетболшыларымен кездесті. Матч 109:78 есебімен қарсылас команданың пайдасына аяқталды.
Бұл – Қазақстан құрамасының турнирдегі екінші жеңілісі. Алғашқы кездесуде отандастарымыз Қытай құрамасына 61:99 есебімен жол берген болатын. Филиппин құрамасы да алғашқы ойынында Бахрейннен 85:89 есебімен жеңілген еді.
Қазақстан құрамасы келесі кездесуін 14 қыркүйекте Бахрейнге қарсы өткізеді.
Айта кетейік, баскетбол бәсекесі Азия ойындарының ресми ашылу салтанатына дейін басталды. ХХ жазғы Азия ойындарының ашылу рәсімі 19 қыркүйекте Нагоя қаласында өтеді.