Ертісте алты адам мінген катер орта жолда тоқтап қалды

Өскеменде алты адам Ертістің ортасында қалып қойды

Өскеменде Ертіс өзенінде серуендеп жүрген алты адам мінген катер істен шығып, жолаушылар жағалауға өздігінен жете алмай қалған.

Катерде алты адам, оның ішінде екі бала болған. Серуен кезінде су көлігі кенеттен бұзылып, қозғалысын жалғастыра алмаған.

Оқиға орнына құтқарушылар жедел жетіп, катердегі барлық жолаушыны қауіпсіз жерге шығарды.

Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Құтқарылған азаматтарға медициналық көмек қажет болмады.