«Тырқ» деген сөз адамның аузынан шықпайды»: тарихшы Тұрсынбек Қабатовты сынға алды

Тарихшы әзілкештің «айтып жатырқ», «істеп жатырқ» секілді сөз қолданыстарын көпшілік арасына кең таратып жібергеніне ренішін білдірді.

Танымал тарихшы, қоғам белсендісі Құттыбек Әшірхан журналист Айнұр Асанбердіге берген сұхбатында әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың сөйлеу мәнеріне қатысты пікір білдірді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Тарихшы әзілкештің «айтып жатырқ», «істеп жатырқ» секілді сөз қолданыстарын көпшілік арасына кең таратып жібергеніне ренішін білдірді.

– Тұрсынбек Қабатовқа ренжіген жерім – Оралдың жаргонын миллиондаған көрерменге вирус сияқты жұқтырып кетті. «Айтып жатырқ, істеп жатырқ» деген. Мен айтамын: «Айналайын, «тырқ» деген сөз адамның аузынан шықпайды, артынан шығады. «Неменеге тырқ-тырқ етіп, тырқылдап отырсың?» деп айтады. Ол бір анайылау сөз. Әдеби нормаға келмейді. Біз әдеби норманы сақтауымыз керек. «Біррез» деген сөз бар тағы. Бұл – сөз емес, бөз. Біррез емес, «бір рет», «қайта», «дүркін» деген сияқты қазақтың қаншама синонимі бар. Сөйлеу мәдениетіне мән беру керек, – деді ол.