Қызметтік әдеп талаптарын өрескел бұзған: Астана полициясы қызметкерлердің неге жұмыстан шығарылғанын түсіндірді

Қызметтік тексеру қорытындысы бойынша екі қызметкер де ішкі істер органдарынан жұмыстан шығарылды.

Елордадағы туристік полиция қызметкерлері қызметтік міндеттерін атқару барысында әдеп нормалары мен полиция қызметкерінің мінез-құлқына қойылатын талаптарды бұзған, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Қызметтік міндеттерін атқару кезінде және формалық киімде мұндай әрекетке жол беру орынсыз. Полиция қызметкері кез келген жағдайда кәсіби арақашықтықты сақтап, белгіленген мінез-құлық мәдениетін ұстануға міндетті.

Қызметтік тексеру қорытындысы бойынша екі қызметкер де ішкі істер органдарынан жұмыстан шығарылды.