​«Таза Қазақстан»: Құрылтай депутаттары балаларды қолдау орталығының аумағын абаттандырды

Онда депутаттар орталық аумағын абаттандыру жұмысын жүргізді. ​

​Құрылтай депутаттары, «Әділет» партиясы фракциясының мүшелері Бекжан Әлімқұлов пен Нұржан Ниязалиев «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында Астана қаласындағы Арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығына барды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Онда депутаттар орталық аумағын абаттандыру жұмысын жүргізді. ​

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тазалық – өркениетті қоғамның айнасы, дамуға ұмтылған кез келген елдің мызғымас ұстанымы екенін әрдайым айтып келеді. «Ақ пейілмен, түзу ниетпен қолға алған әрбір іс берекелі болады. «Таза Қазақстан» – дәл осындай бірегей бастама. Бұл жоба миллиондаған отаншыл азаматымыздың адал еңбегінің арқасында жалпыхалықтық қозғалысқа айналды», – деген еді Президент.

​Бұл ретте, Құрылтай депутаттары қатысқан акцияға «Семизбай-U» ЖШС компаниясының өкілдері де аянбай атсалысып, нәтижесінде 12 түп ағаш егілді және ойын алаңдары сырланды.

​«Жаңа Ата Заңда қоршаған ортаны қорғау ісі әр азаматтың конституциялық міндетіне айналды. Осы орайда, «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы – тек сенбілік емес. Ол – әр адамның жүрек қалауы. Сондықтан біздің басты мақсатымыз – қоршаған ортаны, экологияны таза ұстау мәселесі өз қолымызда екенін көрсету», – деді Құрылтай депутаты, «Әділет» партиясы фракциясының мүшесі Бекжан Әлімқұлов.

​Сондай-ақ іс-шара барысында осы орталықтағы балаларға арналған бір апталық азық-түлік қоры және 100 сөмке табысталды. Азық-түлік себетіне сүт өнімдері, жемістер мен тәттілер кірді. Бұған қоса, балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлау мақсатында аниматорлардың қатысуымен ойын-сауық бағдарламасы ұйымдастырылды.