14 қыркүйек күні сағат 11:00-де Астанада жасанды интеллект көмегімен жасалған фильмдердің алғашқы халықаралық байқауы Astana AI Film Festival аясында баспасөз конференциясы өтеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Ұйымдастырушылар əлемдегі ең ірі халықаралық AI-фильмдер байқауына өтінім қабылдаудың аяқталуы, қатысушылар географиясы, танымал AI-креаторлар, 2 миллион АҚШ долларын құрайтын жүлде жəне инвестициялық қор, халықаралық қазылар алқасының құрамы мен фестиваль бағдарламасы туралы баяндайды.
Байқауға 125 елден 8 067 жұмыс келіп түсті. Ұсынылған фильмдердің жалпы хронометражы 100 мың минуттан асты. Astana AI Film Festival 1–3 қазан аралығында Астанада өтеді.
Спикерлер: Astana AI Film Festival тең құрылтайшысы жəне кеңес төрағасы — Алмас Жали; Astana AI Film Festival тең құрылтайшысы жəне креативті директоры — Айзатулла Хуссейн.
Өтетін орны: Астана қаласы, Мəңгілік Ел даңғылы, 55/18, AIFC ғимараты, C3.3 павильоны, Сауда залы.
Аккредиттеу бойынша: Айым: +7 775 769 87 16