Той Астанадағы The Ritz-Carlton қонақүйінде өтеді деп жоспарланған, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.
Аталған БАҚ-тың өз дереккөздеріне сүйеніп жазуынша, Тауман Назарбаевтың қалыңдығы – бұрынғы Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Әділбек Сәрсембаевтың қызы Айдана Сәрсембаева. Ол 2004 жылғы 24 желтоқсанда туған. Қазір қалыңдық та, күйеу жігіт те 21 жаста.
Ulysmedia мәліметінше, тойға дайындық кезінде қауіпсіздік шаралары күшейтілген. Қонақтар арасында саясаткерлер, ірі бизнес өкілдері және Нұрсұлтан Назарбаев президент болған кезеңде ықпалды болған тұлғалар болады деп күтіліп отыр.
Тауман Назарбаев – Нұрсұлтан Назарбаев пен Әсел Исабаеваның үлкен ұлы. Ол 2005 жылы дүниеге келген. Нұрсұлтан Назарбаев 2023 жылы жарық көрген естелік кітабында Әсел Исабаевамен мұсылман дәстүрі бойынша некелескенін және олардың Тауман және Байкен есімді екі ұлы бар екенін жазған.
Айдана Сәрсембаеваның әкесі Әділбек Сәрсембаев бұған дейін мемлекеттік қызметте бірқатар лауазым атқарған. 2021-2022 жылдары Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі болған.