Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова қайтыс болғаннан кейін ағзаларын донорлыққа беруге келісімін ресми түрде тіркеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты
Министрдің айтуынша, ол мұндай шешімді бұрын қабылдағанымен, бұл туралы енді ғана көпшілікке жариялаған.
«Қайтыс болғаннан кейінгі донорлық – өмір сүруге мүмкіндік беретін адамдарға өмірден өткен соң да көмектесудің бір жолы», – деп жазды министр.
Ақмарал Әлназарованың мәліметінше, бүгінде 184 мыңға жуық қазақстандық eGov арқылы қайтыс болғаннан кейінгі донорлыққа қатысты өз шешімін тіркеген.
Қазір Қазақстанда 4 867 адам ағза трансплантациясын күтіп жүр. Оның 4 311-іне бүйрек, 314-іне бауыр, 30-ына өкпе, 12-сіне жүрек трансплантациясы қажет.
Министр қайтыс болғаннан кейінгі донорлықты дамыту үшін қоғамның сенімі, ашық диалог және әр азаматтың саналы шешімі маңызды екенін атап өтті.