Астанада салынып жатқан тұрғын үйден өрт шықты

Өрт салдарынан зардап шеккендер жоқ

Астанада салынып жатқан бес қабатты тұрғын үйдің шатырынан өрт шықты. Оқиға Есіл ауданындағы Ақмешіт көшесінде болды.

ТЖМ мәліметінше, салынып жатқан ғимараттың шатырында 30 шаршы метр аумақта рубероид пен полиэтилен жанған.

Оқиға орнына елордалық өрт сөндірушілер жедел жетіп, өртті толық сөндірді. Тілсіз жауды ауыздықтауға 35 қызметкер мен 14 арнайы техника жұмылдырылды.

Өрт салдарынан зардап шеккендер жоқ