Ұлттық құрама баскетболшылары Азия ойындарын аяқтады

С тобында өнер көрсетіп, Қазақстан ерлер құрамасы шешуші ойында Бахрейннен жеңілді.

Жапонияның Аичи префектурасы мен Нагоя қаласында өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарында баскетбол бәсекесінің топтық кезеңі мәресіне жетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
С тобында өнер көрсетіп, Қазақстан ерлер құрамасы шешуші ойында Бахрейнмен алаңда жолығып, 78:101 есебімен есе жіберді.
Осылайша, отандастарымыз топтағы барлық 3 ойында қарсыластарына жол беріп, плей-оффқа өте алмады.
Айта кетейік, Азия ойындарының ресми ашылу салтанаты 19 қыркүйекте Нагоя қаласындағы  Nagoya City Mizuho Park Athletic стадионында өтеді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.