Қосшыда дүкенде шу шығарған ер адам 15 тәулікке қамалды

Оқиға 12 қыркүйек күні болған.

Ақмола облысының Қосшы қаласында дүкенде мас күйінде шу шығарған ер адам 15 тәулікке қамалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Оқиға 12 қыркүйек күні болған. Қосшы қаласының полициясына сауда орындарының бірінде ішімдік ішкен ер адамның қоғамдық тәртіпті бұзып, бейәдеп сөйлеп жатқаны туралы хабар түскен.

Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері ер адамды ұстап, бөлімшеге жеткізді. Оның Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданының 34 жастағы тумасы Асылбек Аржаев екені анықталды.

– Ол заң аясында әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот шешімімен құқық бұзушы 15 тәулік мерзімге қамауға алынды. Полиция азаматтарды қоғамдық тәртіпті қатаң сақтауға шақырады. Қоғамдық тәртіпті бұзу заң аясында тиісті жауапкершілікке әкеп соғады, – делінген полиция хабарламасында.