Мақпал Жүнісованың әрекеті көрерменді күлкіге қарық қылды (видео)

Өнер иесі пианиноның үсті шаң басқанын көрсетіп, қолымен сүртіп жіберген.

Халық әртісі, әнші Мақпал Жүнісова Оралда концерт өткізді, – деп жазды Aikyn.kz.

Өнер иесі концерт барысында пианиноның үсті шаң басқанын көрсетіп, қолымен сүртіп жіберген. Бұл жағдайға қатысты ақын Бауыржан Халиолла әзілмен жауап берді.

«Бұл күйсандыққа сізден басқа ешкімді жақындатпаймыз. Сізді ұзақ күтіп, әбден шаң басып қалды. Көңілді де, күйсандықты да шаң басты. Соның шаңын өз қолыңызбен сүрткеніңізге рақмет. Қалжың үшін айтып жатырмын, күн сайын тазаланады. Лактың түсі сондай», - деді ол.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.