Жаңбыр жауады, найзағай ойнайды: 15 қыркүйекке ауа райы болжамы

Астанада батыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Қазгидромет бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Синоптиктердің болжамы бойынша 15 қыркүйекте бірқатар өңірде жел күшейіп, екпіні 23-28 м/с-қа дейін жетеді. 

Қарағанды облысында солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағандыда солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Ұлытау облысында солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-18 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда төтенше өрт қаупі сақталады.

Жетісу облысында солтүстік-батыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с. 15-17 қыркүйекте облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі бар. Талдықорғанда 15-17 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау облысының солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Атырау облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Атырауда төтенше өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысында жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылордада төтенше өрт қаупі сақталады.

Жамбыл облысының таулы аудандарында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады. Таразда төтенше өрт қаупі сақталады.

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с. Облыстың оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Қостанайда солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Батыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Көкшетауда батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман түседі. Батыстан жел соғады, күші 15-20, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с. Облыстың оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Петропавлда жаңбыр, найзағай. Батыстан жел соғады, күші 15-20, күндіз екпіні 23 м/с.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында түнде және таңертең тұман түседі. Оралда түнде және таңертең тұман.

Шығыс Қазақстан облысының таулы аудандарында жаңбыр, найзағай. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20, екпіні 23 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады. Өскеменде жоғары өрт қаупі сақталады.

Абай облысында жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, таңертең және күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20, екпіні 23 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Семейде жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай. Батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Облыста жоғары өрт қаупі күтіледі. Павлодарда батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Астанада батыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Алматы облысының орталығында, батысында, шығысында төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Алматыда жоғары өрт қаупі сақталады. Қонаевта төтенше өрт қаупі сақталады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.