Актер Азамат Сатыбалды әлеуметтік желіде ашығып жүргенін айтты, – деп жазды Aikyn.kz.
Айтуынша, денсаулығына байланысты ашығып жүргеніне он жылдан асқан.
«Қадірлі достар. Не істесеңіздер де, зерттеп, біліп алып жасаңыздар. Бұл ойыншық емес. Мысалы, менің ағзам осыған үйренген. Мен 10 жылдан асты, жылына екі рет ашығып жүргеніме. Сондықтан абайлау керек. Денсаулықпен ойнауға болмайды. Алла жар болсын», – деді актер.
Желі қолданушылары актердің денсаулығына алаңдап, түрлі пікір жазып жатыр.
«Аман-есен болыңызшы», «Мына түріңіз ұнамай тұр, әрең отырсыз, ілініп-салынып. Не үшін ашығудасыз? Ауырып қалдыңыз ба?», «Ем болсын», – деп жазды оқырмандар.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.