Азия ойындары-2026: таеквондодан Қазақстан құрамасының тізімі жарияланды

Құрама сапында жеті спортшы бар: үш әйел және төрт ер адам.

Таеквондодан Аичи-Нагоядағы (Жапония) XX жазғы Азия ойындарына қатысатын Қазақстан құрамасының тізімі белгілі болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

ҚР ҰОК мәліметінше, құрама сапында жеті спортшы бар: үш әйел және төрт ер адам.

Әйелдер:

49 келіге дейін: Рита Бакишева

57 келіге дейін: Тоғжан Қазынабек

67 келіден жоғары: Назым Махмұтова

Ерлер:

58 келіге дейін: Тамирлан Тілеулес

68 келіге дейін: Самирхон Абабакиров

80 келіге дейін: Батырхан Төлеуғали

80 келіден жоғары: Бейбарыс Қаблан

Азия ойындарындағы таеквондо жарыстары 1-3 қазан аралығында Нагоя қаласында өтеді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.