Ұлттық ұлан әскери қызметшісі күдікті заты бар дронды анықтады

Ұландық әскери қызметшінің қырағылығының арқасында күдікті зат дер кезінде анықталды.

Атырау қаласында ҚР ІІМ Ұлттық ұланы «Батыс»өңірлік қолбасшылығының 5546 әскери бөлімінің әскери қызметшісі түйіншегі бар ұшқышсыз ұшу аппаратын анықтады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Сағат 08:30 шамасында лейтенант Мирас Исказиев қылмыстық-атқару жүйесінің №15 мекемесінен шамамен бір шақырым қашықтықта қызмет атқарып жүріп, жерде жатқан орамы бар ұшқышсыз ұшу аппаратын байқаған.
Тексеру барысында түйіншектің ішінде өсімдік тектес, жасыл түсті зат салынған 11 пакет бары анықталды.
Әскери қызметші табылған зат туралы дереу кезекші қызмет арқылы баяндады. Оқиға орнында тиісті қауіпсіздік шаралары қабылданып, табылған зат одан әрі жүргізілетін іс-шаралар үшін құзыретті органдарға тапсырылды.
Ұландық әскери қызметшінің қырағылығының арқасында күдікті зат дер кезінде анықталып, тиісті қауіпсіздік шаралары қабылданды. Оқиға бойынша одан әрі тексеру жұмыстары белгіленген тәртіппен жүргізілуде.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.