Президент премьер-министрге қазақ-корей кәсіпкерлерінің дөңгелек үстеліне қатысқаны үшін алғыс айтты

Бұдан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтер арасындағы ықпалдастықтың басым бағыттарына тоқталды.

Мемлекет басшысы жиын аясында қол қойылатын маңызды құжаттар екіжақты ықпалдастықты одан әрі тереңдете түсеріне сенім білдірді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Қасым-Жомарт Тоқаев президент Ли Чжэ Мёңмен жүргізетін келіссөздердің маңызына ерекше назар аударды. Бұл кездесу екіжақты қарым-қатынастар тарихындағы жаңа кезеңге жол ашады.

Бұдан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтер арасындағы ықпалдастықтың басым бағыттарына тоқталды.

– Күн тәртібінде екіжақты тауар айналымын екі есе арттыру міндеті тұр. Ол үшін көлемді ұлғайтып қана қоймай, сауданың құрылымын өзгертіп, қосылған құны жоғары тауарлар номенклатурасын кеңейте түсу қажет. Сондықтан Қазақстан мен Кореяның сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастығының 2027-2030 жылдарға арналған кешенді бағдарламасын әзірлеу өте өзекті деп білемін. Сонымен қатар локализациялау және өнімді үшінші нарыққа шығару бойынша перспективті жобаларды қамти отырып, өндірістік кооперацияның жеке жол картасын дайындау маңызды деп санаймын, – деді Президент.

Сөз соңында Мемлекет басшысы Қазақстанның Кореямен ынтымақтастықты жан-жақты нығайтуға бейіл екенін растады.