Астанада ерлі-зайыптының өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды

Алған жарақаттарынан ерлі-зайыпты оқиға орнында көз жұмды.

Ерлі-зайыптының өліміне қатысты адам өлтіру және суицид фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Полиция мәліметінше, ерлі-зайыпты арасында жанжал болған. Жанжал кезінде 55 жастағы ер адам 53 жастағы әйеліне пышақ жарақатын салған. Кейін ер адам өзіне де пышақ сұққан.

Алған жарақаттарынан ерлі-зайыпты оқиға орнында көз жұмды.

Қазір болған жағдайдың барлық себептері мен мән-жайын анықтауға бағытталған жан-жақты тергеу жүргізіліп жатыр.

ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.