Продюсер Гүлзира Айдарбекова басынан қиын кезеңді өткізгенін айтты, – деп жазды Aikyn.kz.
Ол ұмытшақтық пайда болып, адамдардың да атын ұмытатынын жеткізді.
"Қатты қайғырған кезде адам ұмытшақ, ауру болып қалады екен ғой. Сондай ұмытшақтық пайда болды, ағамнан кейін. Үйдегілердің атын ұмыта бастадым. Бір дәрумен ішіп жүрмін. Әйтпесе кәдімгідей есімді жоғалтып алдым", - деді Гүлзира Айдарбекова.
Айта кетейік, жақында продюсер туған ағасынан айырылғанын айтқан еді.
Желі қолданушылары алаңдаушылық білдіріп, түрлі кеңес беріп жатыр.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.