Астанада шорт-тректен Қазақстан іріктеу чемпионаты басталды

Ел чемпионаты 18 қыркүйекте мәресіне жетеді.

Бүгін, 15 қыркүйекте Астанада шорт-тректен Қазақстан чемпионаты басталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бұл жарыс 2026/27 жылғы маусымға арналған ұлттық құрама сапына іріктеу кезеңдерінің бірі.

Қазақстан чемпионатының қорытындысы бойынша әлем кубогы кезеңдері мен әлем чемпионатында ел намысын қорғайтын спортшылар анықталады.

ҚР ҰОК мәліметінше, жарыс жолына еліміздің шорт-тректен көшбасшы спортшыларының басым бөлігі шығады. Бәсекелер "Алау" мұз сарайында өтіп жатыр.

Айта кетейік, ел чемпионаты 18 қыркүйекте мәресіне жетеді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.