Мадина Сәдуақасова бірінші рет киноға түскенін айтты

Айтуынша, бұған дейін киноға түсу туралы ұсыныстардан бас тартып келген.

Әнші Мадина Сәдуақасова бірінші рет киноға түскенін айтты, – деп жазды Aikyn.kz.

Айтуынша, бұған дейін киноға түсу туралы ұсыныстардан бас тартып келген. Өнер иесі бұл туындыда өзін сомдағанын айтты.

«Мен киноға мүлдем түспеймін! Бірақ осы жылы дебют болды менде. Түскен себебім, ол жерде бір жан бар… Сол үшін ғана. Бұл фильмде мен өзімді ойнадым. Маған бұл рөл ұнады. Мені кинодан көріп, белгілеп жатқандарыңызға алғысым шексіз. «14 күнге» барғандар пікір қалдырып кетіңіздер, міндетті түрде.  Мадикоштарыңыздың кинода ойнағаны ұнады ма?» - деп жазды әнші.

Желі қолданушылары әншінің өнерін жоғары бағалап, жаңа қадамына сәттілік тіледі.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.