Синоптиктер бүгін желдің күшейетінін ескертеді

Бүгінгі күнге ауа райы болжамы.

Еліміздің басым бөлігінде ауа райы салыстырмалы түрде жылы әрі көбіне жауын-шашынсыз болады,  – деп хабарлайды Aikyn.kz. Алайда Қазақстанның солтүстігінде, шығысында және батысында жаңбыр жауып, кей жерлерде найзағай ойнайды. Синоптиктер желдің күшейетінін де ескертеді.

Оңтүстіктің кей жерлерінде шаңды дауыл болуы мүмкін. Сондықтан көлік жүргізушілері мен жаяу жүргіншілерге көріну мүмкіндігінің төмендеуін ескерген жөн.
Астанада: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 9–14 м/с. Түнде +8…+10°C, күндіз +20…+22°C.
Алматыда: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 3–8 м/с. Түнде +14…+16°C, күндіз ауа температурасы +26…+28°C дейін көтеріледі.
Шымкентте: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 8–13 м/с, екпіні 15–20 м/с дейін жетеді. Түнде +16…+18°C, күндіз ыстық болып, ауа температурасы +30…+32°C болады.
Қазақстанның оңтүстігінде жаздың жылы лебі әлі сезілсе, солтүстік пен шығыста күздің алғашқы белгілері байқалады.

«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша дауылды ескертулер сақталады:

16 қыркүйекте Ақтөбе облысының солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады.

16 қыркүйекте Қызылорда облысында жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады.

Қызылорда қ.: 16 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады.

16-17 қыркүйекте Жетісу облысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі күтіледі.

Талдықорған қ.: 16-17 қыркүйекте төтенше өрт қаупі күтіледі.

Дауылды ескертулер күтіледі:

Астана қ.: 16 қыркүйекте жоғары өрт қаупі сақталады.

Алматы қ.: 16 қыркүйекте жоғары өрт қаупі сақталады.

Шымкент қ.: 16 қыркүйекте солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Төтенше өрт қаупі сақталады.

16 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Петропавл қ.: 16 қыркүйекте түнде жаңбыр, найзағай күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

16 қыркүйекте түнде Павлодар облысының солтүстігінде жаңбыр, найзағай, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с. Облыста жоғары өрт қаупі сақталады.

Павлодар қ.: 16 қыркүйекте күндіз жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.  Жоғары өрт қаупі сақталады.

16 қыркүйекте күндіз Абай облысының батысында, солтүстігінде жаңбыр, найзағай. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде 15-20 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. 

Семей қ: 16 қыркүйекте жоғары өрт қаупі сақталады.

16 қыркүйекте күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында жаңбыр, найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с.  Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады.

Өскемен қ.: 16 қыркүйекте жоғары өрт қаупі сақталады.

16 қыркүйекте Алматы облысының тау бөктеріндегі, таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, күндіз облыстың шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Қонаев қ.: 16 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады.

Іле Алатауы (Алматы қаласының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтары) бойынша: 16 қыркүйекте өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15 м/с.

16-17 қыркүйекте Жетісу облысының Алакөл көлдері аудандарында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с күтіледі.

16 қыркүйекте Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Орал қ.: 16 қыркүйекте жаңбыр, найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

16 қыркүйекте күндіз Атырау облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Атырау қ.: 16 қыркүйекте күндіз аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

16 қыркүйекте Жамбыл облысының таулы аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Тараз қ.: 16 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады.

16 қыркүйекте Түркістан облысының батысында шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Түркістан қ.: 16 қыркүйекте солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.

16 қыркүйекте Ақмола облысында солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-18 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

Көкшетау қ.: 16 қыркүйекте жоғары өрт қаупі сақталады.

16 қыркүйекте түнде және таңертең Қостанай облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Облыстың оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

16 қыркүйекте Қарағанды облысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Қарағанды қ.: 16 қыркүйекте жоғары өрт қаупі сақталады.

16 қыркүйекте Ұлытау облысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Жезқазған қ.: 16 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады.

16 қыркүйекте Ақтөбе облысында оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 15-18 м/с.

16 қыркүйекте Маңғыстау облысының солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.