Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі тұрақты негізде әуе қатынасының географиясын кеңейту және қолданыстағы бағыттар бойынша рейстер санын арттыру бағытында жұмыс жүргізуде, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
15 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Түркияның SunExpress әуе компаниясының өкілдерімен кездесті.
SunExpress әуе компаниясы Измир – Астана жаңа бағыты бойынша тұрақты рейстерді іске қосуды жоспарлап отыр. Рейстер аптасына 2 рет – сәрсенбі және сенбі күндері Boeing 737 әуе кемелерімен орындалады.
Сонымен қатар , 25 қазаннан бастап әуе компаниясы Алматы – Измир қолданыстағы бағыты бойынша рейстер санын аптасына 2-ден 3 рейске дейін арттырады.
Әуе қатынасының ашылуы және рейстер санының артуы екі ел арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік және туристік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді деп күтілуде.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.