Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев карантиннің күшейтілген режимінде БАҚ редакциялары қалай жұмыс істейтінін айтты. «Арнайы бұқаралық ақпарат құралдарының редакцияларына айтарымыз, қызметкерлерді қашықтан жұмыс істеуге жіберу қажет. Қалада жұмыс бабымен жүру үшін журналистің өзімен бірге қызметтік куәлігі және редакциялық тапсырма туралы анықтама болуы қажет. Анықтаманы телефоннан да көрсетуге болады», - деді Дәурен Абаев «Хабар 24» телеарнасының тікелей эфирінде. Еске сала кетсек, қазіргі уақытта коронавирус инфекциясымен Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 60 адам, Алматы қаласында – 48 адам, Қарағанды қаласында - 4, Жамбыл облысында -3 адам, Атырау облысы - 3 адам, Шымкент қаласында - 2 адам, Алматы облысында - 1 адам, Ақтөбе облысында - 1 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 1 адам, Ақмола облысында - 1 адам, Павлодар облысында - 1 адам, жалпы 125 науқас тіркелді.