Ол әлеуметтік желіде көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін 2 жыл 3 айға бас бостандығынан айырылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Іс Алматы облысының Қарасай аудандық сотында қаралды. Нұрсұлтан Жақсыгенге Қылмыстық кодекстің 274-бабы 2-бөлігінің 3-тармағы бойынша айып тағылған.
Сот оны кінәлі деп танып, жазасын қауіпсіздігі орташа қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтеуге үкім шығарды. Бұл туралы жәбірленуші Фариза Сабырәлиеваның адвокаты мәлімдеді.
Сонымен қатар сот жәбірленушінің азаматтық талабын ішінара қанағаттандырып, оның пайдасына 5 миллион теңге өтемақы өндіруді міндеттеді.
Үкім жарияланғаннан кейін Нұрсұлтан Жақсыген сот залында қамауға алынды.
Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ. Блогер 15 күн ішінде үкімге апелляциялық шағым түсіре алады.