«Сізді жақсы көреміз»: Димаш Құдайберген Селин Дионды құттықтады (видео)

Әнші видео жариялап, Селин Дионның әні миллиондаған адамға, оның ішінде өзіне де шабыт сыйлайтынын айтты.

Халық әртісі, әнші Димаш Құдайберген алты жылдан кейін сахнаға оралған әйгілі канадалық әнші Селин Дионды құттықтады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Әнші видео жариялап, Селин Дионның әні миллиондаған адамға, оның ішінде өзіне де шабыт сыйлайтынын айтты. Сонымен қатар әншіге жылы лебізін білдіріп, ұзақ, бақытты ғұмыр тіледі.

«Сізді сахнадан қайта көргеніме, ғажап даусыңызды естігеніме шын жүректен қуаныштымын. Музыка әлеміне сыйлаған бар байлығыңыз үшін алғыс айтқым келеді. Сіздің үніңіз бен әндеріңіз жер жүзіндегі миллиондаған адамға, соның ішінде маған да шабыт берді. Өзіңізді де даусыңыздай керемет сезініп жүрсіз деген үміттемін. Сіз – нағыз тірі аңызсыз. Біз сізді қатты құрметтейміз әрі жақсы көреміз. Алла сізге ұзақ, бақытты ғұмыр нәсіп етсін. Ғажап дауыс миллиондаған жүректі жаулап алады. Ал ұлы өнерпаз тұтас бір буынға рух береді. Қымбатты Селин, осы екі қасиетті де бойыңызға сіңіргеніңіз үшін рақмет, – деді Димаш Құдайберген.

Айта кетейік, Селин Дион денсаулығына байланысты өнерден алыстаған болатын. Әнші алты жылдан кейін Парижде жеке концертін өткізді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.