2027 жылы Ұлттық қордан республикалық бюджетке 2 триллион теңге бөлу жоспарланып отыр. Бұл қаражат әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандарды салуға, сондай-ақ ел үшін маңызды жобаларды іске асыруға жұмсалады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Бұл туралы Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмрин Құрылтайдың Қаржы және бюджет комитетінің отырысында 2027-2029 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамын таныстыру кезінде айтты.
Оның сөзінше, Ұлттық қордан бөлінетін қаражат көлемі алдағы екі жылда да сақталады. 2028 және 2029 жылдары бюджетке жыл сайын 1,5 трлн теңгеден беру жоспарланған.
«Әлеуметтік және инфрақұрылымдық объектілерді салу жөніндегі ауқымды бағдарламаны іске асыру міндеті қойылды», – деді вице-министр.
Осылайша, үш жыл ішінде Ұлттық қордан республикалық бюджетке жалпы 5 трлн теңге нысаналы трансферт беру жоспарланып отыр.
Сонымен қатар Ұлттық қордың таза валюталық активтері 2027 жылы 65,2 млрд АҚШ доллары болады деп болжануда. 2029 жылға қарай бұл көрсеткішті 70,6 млрд долларға жеткізу көзделген.