Қазақстанда ең төменгі жалақыны көтеру мәселесі қаралады

Бұл туралы Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмрин мәлімдеді.

Қазақстанда ең төменгі жалақыны көтеру мәселесі Құрылтайда талқыланады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Бұл туралы Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмрин мәлімдеді.

Журналистер одан алдағы үш жылда ең төменгі жалақы қазіргі 85 мың теңгеден көтеріле ме деп сұрады. Бұған дейін оны 150 мың теңгеге дейін арттыру мүмкіндігі туралы айтылған болатын.

– Негізінен есептеулер бар. Бұл мәселені Құрылтайда талқылайтын боламыз. Қандай шешім қабылданғанын айтамыз, – деді Азамат Әмрин.

Құрылтай депутаты Татьяна Савельеваның айтуынша, 2027-2029 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасы бірінші оқылымда 14 қазанда қаралады. Осыдан кейін депутаттар ең төменгі жалақы мәселесін талқылауға көшеді.

– Құрылтай депутаттары ең төменгі жалақыға қатысты мәселені көтеріп жатыр. Оны 14 қазаннан кейін қарайтын боламыз, – деді депутат.