Еркін күрес: Қазақстандық екі балуан халықаралық турнирде жүлдегер атанды

Нәтижесінде екі қола медаль жеңіп алды.

Ресейдің Грозный қаласында еркін күрестен халықаралық турнир өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Аталған бәсекеге Қазақстан құрамасының өкілдері қатысты. Нәтижесінде екі қола медаль жеңіп алды.

Шаттық Алайдар (65 келіге дейін) және Майис Алиев (70 келіге дейін) жеңіс тұғырының үшінші сатысына көтерілді.