Актер Алмат Сақатов әлеуметтік желідегі парақшасында айтыскер ақын Мақсат Ақановқа қолдау білдірді, – деп жазды Aikyn.kz.
Ол ақынға ауыр сөз айтпауға, қатты сынға алмауға шақырды.
«Ақынға тиіспеңдер! Ақын тентек болуы керек. Ақын бауырым бір сүрініп еді, жалынан алып жамбасына дейін жыртып жатырсыздар. Мақсат, сен сүріндім деп ойлама. Сен кімнің кім екенін осы күндері біліп алдың», – деді Алмат Сақатов.
Айта кетейік, бұған дейін әлеуметтік желіде Мақсат Ақановтың айтыстағы видеосы таралып, қызу талқыға түскен болатын.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.