«Жылап, жатып қалдым»: Айнұр Тұрсынбаева күйзеліске түскен кезін еске алды

Ол қиналған кезде екі сағат қана ұйықтап, мешітте дұға жасағанын айтты.

Айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева күйзеліске түскен кезін еске алды, – деп жазды Aikyn.kz.

Ол қиналған кезде екі сағат қана ұйықтап, мешітте дұға жасағанын айтты. Сонымен қатар білім алып, психологиялық кітаптар оқыған. Осылайша, көп дүниені түсінгенін атап өтті. Қазір осы салада ізденіп жүрген ақын өзі де кітап жазған.

«Сату білмеймін, бірдеңе бастасам, банкротпен бітіп жатты. “Квестра”, “Апорт” деген пирамидаларға кіріп, қалған ақшамнан айырылып, қарызға кіріп кеттім. Жылап жатып қалдым, ауруханаға түстім. Ештеңе көмектеспеді. Миым өліп қалған сияқты болды. Маған жаңа әлемнің есігі ашылды. Неге қиналғанымды, қарызға кіргенімді, ажырасқанымды – бәрін-бәрін түсіндім. Солай орнымнан тұрдым», – дейді ол.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.