Жапонияның Нагоя қаласында ХХ жазғы Азия ойындарына қатысатын елдердің тулары салтанатты түрде көтерілді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Қазақстан делегациясын ҚР Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары Нұрлан Есембаев бастап барды.
Рәсім барысында ол Азия ойындарын ұйымдастыру комитетінің өкілдерімен естелік сыйлықтар алмасты. Сонымен қатар Қазақстанның Азиадаға қатысуын есте қалдыру мақсатында делегация мүшелері Garden Pier аумағына ағаш отырғызды.
ҚР ҰОК мәліметінше, ХХ жазғы Азия ойындарының ресми ашылу салтанаты 19 қыркүйекте өтеді. Аичи мен Нагояда ұйымдастырылатын жарыстар 4 қазанға дейін жалғасады.
Қазақстан атынан Азия ойындарына 559 спортшы қатысады. Қазақстанның Мемлекеттік туын дзюдошы Елдос Сметов пен үстел теннисінен ұлттық құраманың спортшысы Сарвиноз Миркадирова ұстап шығады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.