Астанада салауатты өмір салты фестивалі өтеді

Турнирге қатысу тегін, көрермендер үшін кіру еркін.

19 және 20 қыркүйекте Астананың Орталық саябағында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында салауатты өмір салты фестивалі өтеді. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты жазды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Іс-шара амфитеатр мен The St. Regis Astana қонақүйінің арасында орналасқан «Астананың басты спорт алаңында» өтеді. Екі күнде де спорттық бағдарлама сағат 15:00-де басталады. 

Фестиваль аясында елорда тұрғындары мен қонақтары үшін күштік көше спорты түрлерінен турнир ұйымдастырылады. Алаңда гантельдер, гирлер, штангалар, еркін салмақтар, гимнастикалық сақиналар, арқан, армрестлинг үстелі және басқа да спорттық құрал-жабдықтар ұсынылады. 

Сонымен қатар қатысушылар мен көрермендер үшін DJ қатысатын музыкалық бағдарлама әзірленген. Жарыс жеңімпаздары медальдармен, сыйлықтармен және сертификаттармен марапатталады. 

Турнирге қатысу тегін, көрермендер үшін кіру еркін. Бұдан бөлек, 19 қыркүйек күні сағат 14:00-де «Таза Қазақстан» акциясы аясында спортшылардың қатысуымен спорт алаңының айналасына ағаш отырғызу іс-шарасы өтеді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.