Жаңбыр, бұршақ жауады: 19 қыркүйекке ауа райы болжамы

Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі.

Еліміздің бірқатар өңірінде 19 қыркүйекте дауылды ескерту жарияланды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Қазгидромет синоптиктері мәліметінше, Қарағанды облысында жоғары өрт қаупі, облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағандыда жоғары өрт қаупі бар.

Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі. Өңірде төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда 19 қыркүйекте таңертең және күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп болжанады. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп болжанады. Күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады. Облыста төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылордада 19 қыркүйекте күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайтыны болжанады. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Түнде және таңертең Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде тұман түседі. Күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-18 м/с қамтиды. Облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбеде 19 қыркүйекте түнде және таңертең тұман түсетіні болжанады.

Маңғыстау облысының оңтүстігінде солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Түркістан облысының таулы аудандарында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз облыстың таулы аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Өңірде төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкентте және Түркістанда 19 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады.

Түнде және таңертең Атырау облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Атырауда 19 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп болжанады. Күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с. Өңірде төтенше өрт қаупі сақталады. Таразда 19 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады.

Түнде Павлодар облысының солтүстігінде тұман түседі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыста жоғары өрт қаупі сақталады.

Түнде Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, ал түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Петропавлда 19 қыркүйекте түнде және таңертең тұман түсетіні болжанады.

Түнде және таңертең Абай облысының солтүстігінде тұман түседі. Таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында оңтүстік-шығыстан солтүстік-шығысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұстарда 23 м/с дейін жетеді. Облыста жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Семейде 19 қыркүйекте жоғары өрт қаупі сақталады.

Түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман түседі. Таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында шығыстан, оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұстарда 23 м/с дейін жетеді. Облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Оралда 19 қыркүйекте түнде және таңертең тұман түсетіні болжанады.

Түнде және таңертең Қостанай облысының батысында, солтүстігінде тұман түседі. Күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында солтүстіктен жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Қостанайда 19 қыркүйекте түнде және таңертең тұман түсетіні болжанады.

Жетісу облысында шығыстан соққан желдің Алакөл көлдері ауданындағы екпіні 15-20 м/с, кей уақытта 25 м/с дейін жетеді.

Түнде және таңертең Ақмола облысының батысында, солтүстігінде тұман түседі. Облыстың батысында, солтүстігінде солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Көкшетауда 19 қыркүйекте жоғары өрт қаупі сақталады.

Астанада 19 қыркүйекте жоғары өрт қаупі сақталады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.