Қазақстан 2027-2029 жылдары бюджет тапшылығын қаржыландыру үшін сыртқы нарықтан қарыз тартуы мүмкін, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Бұл туралы Құрылтайдағы баспасөз мәслихатында Қаржы вице-министрі Абзал Бейсенбекұлы мәлімдеді.
Оның айтуынша, Қаржы министрлігі сыртқы нарықтан қаражат тартудың түрлі мүмкіндіктерін қарастырып жатыр.
– Қазір сыртқы қарыздарды тарту үшін барынша тиімді шарттарға қол жеткізуге тырысып жатырмыз, – деді вице-министр.
Дегенмен бюджет тапшылығын қаржыландырудың негізгі көзі ішкі нарық болып қала береді. Қазір мемлекеттік қарыздың 77 пайызы ішкі, 23 пайызы сыртқы қарызға тиесілі.
Сырттан қарыз тарту кезінде оның құны, өтеу мерзімі мен төлем кестесі ескеріледі.