Қызылорда облысында үш теміржол вокзалы жаңартылды

Жөндеу еліміздегі теміржол вокзалдарын жаңғырту бағдарламасы аясында жүргізілді.

Жосалы, Төретам және Арал теңізі станцияларындағы теміржол вокзалдарын қайта жаңарту жұмыстары аяқталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Жөндеу еліміздегі теміржол вокзалдарын жаңғырту бағдарламасы аясында жүргізілді.

Үш вокзалдың да қасбеті мен шатыры жаңартылып, ішкі бөлмелері, инженерлік жүйелері, перрондары және іргелес аумақтары жөнделді. Энергия үнемдейтін терезелер мен алюминий витраждар орнатылып, нысандар қажетті жабдықтармен және жиһазбен қамтылды.

Қазір Қызылорда облысындағы Тереңөзек және Жалағаш станцияларының вокзалдарын жаңарту жұмыстары жалғасып жатыр.