«Таза Қазақстан» қозғалысын жаңа сапалық деңгейге көтеруіміз керек – Тоқаев

Президенттің сөзінше, жоба өз жемісін бере бастады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» акциясына қатысушылар алдында сөз сөйледі, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Таза Қазақстан» жалпыұлттық жобасы аясындағы жүйелі саясат өз жемісін бере бастады.

Оны өздеріңіз де байқаған боларсыздар. Бұл акция немесе науқан өмір бойы жалғаспайды. Әйтсе де онда тұрған дәнеңе жоқ. Керісінше, оның жақсы тұсы көп. Ең бастысы, өркениет талаптарына сай болу үшін сана-сезімде сілкініс болуы қажет.

Бұл – біздің саналы таңдауымыз. Басқаша болуы мүмкін емес»,-деді.