Бүгін Астанада халықаралық ит көрмесі аясында ұлттық мұрамыз — қазақы тазыға арналған монотұқымдық көрме өтті. Іс-шара қазақы тазының үздік өкілдерін таныстырып, тұқымды сақтау мен дамыту бағытындағы жұмысты жалғастыруға мүмкіндік берді
Көрме барысында тазылар сараптамалық бағалаудан өтіп, олардың тұқым стандартына сәйкестігі мен тұқымдық сапалары бағаланды. Үздік өкілдер анықталды
Қазақы тазы — ғасырлар бойы халқымызбен бірге жасасып келе жатқан бірегей мәдени мұра, жеті қазынаның бірі. Бүгінде тұқымды сақтау, өсіру және халықаралық деңгейде таныту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. 2026–2036 жылдарға арналған арнайы кешенді жоспар да бекітілген
Осындай көрмелер қазақы тазының тұқымдық қасиеттерін сақтауға, жауапты асылдандыруды дамытуға және ұлттық тұқымды кеңінен танытуға мүмкіндік береді