Қытайда бірнеше жер сілкінісі тіркелді

Оның магнитудасы 4,4, ошағы 24 шақырым тереңдікте орналасқан.

Қытай аумағында бірнеше жер сілкінісі тіркелді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Олардың екеуін Қазақстанның Ұлттық деректер орталығы да тіркеген.

Алғашқы жер сілкінісі 19 қыркүйек күні Астана уақытымен 20:54-те болған. Оның магнитудасы 4,4, ошағы 24 шақырым тереңдікте орналасқан.

Шамамен бір жарым сағаттан кейін тағы бір жер сілкінісі тіркелген. Қазақстандық сейсмологтардың мәліметінше, оның магнитудасы 4,3 болған.

Қытайдың сейсмологиялық қызметі 19 қыркүйек күні жергілікті уақытпен 23:53-те Шыңжаңның Ақсу аймағындағы Шая уезінде магнитудасы 4,1 жер сілкінісі болғанын хабарлады. Жерасты дүмпуінің ошағы 21 шақырым тереңдікте орналасқан.

Бұдан бөлек, 20 қыркүйек күні сағат 10:12-де Хэбэй провинциясының Цяньси уезінде магнитудасы 2,4 жер сілкінісі тіркелді. Оның ошағы 18 шақырым тереңдікте болған.

Әзірге адам шығыны немесе қирандылар туралы ақпарат жарияланған жоқ.