Алматы тауларында түнде өздігінен төмен түсе алмай қалған үш турист құтқарылды,-деп хабарлайды қаланың Мониторинг және жедел әрекет ету орталығы.
Оқиға Медеу ауданындағы Шүкір асуында, шамамен 3100 метр биіктікте болған. Таудан түсіп келе жатқан үш жігіттің қолшамдары сөніп қалып, қараңғыда жолын жалғастыра алмаған. Осыдан кейін олар құтқарушылардан көмек сұраған.
– Оқиға орнына Алматы қаласы Мониторинг және жедел әрекет ету орталығының құтқарушылары жіберілді. Туристер қауіпсіз жерге жеткізіліп, №22 өрт сөндіру бөліміне дейін алып түсірілді, – делінген хабарламада.
Кейін үш турист туыстарына тапсырылды. Оларға медициналық көмек қажет болған жоқ.