Екібастұзда жеңіл автокөлік алты жастағы баланы қағып кетті

Бала оқиға орнында көз жұмды.

Екібастұзда көпқабатты үйдің ауласында жеңіл көлік алты жастағы баланы қағып кетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Бала оқиға орнында көз жұмды.

Павлодар облысы Полиция департаментінің мәліметінше, кәмелетке толмаған баланың өліміне әкеп соққан жол-көлік оқиғасына байланысты қылмыстық іс қозғалды. Қазір апаттың себептері мен мән-жайы анықталып жатыр.

– Мұндай жағдайлардың алдын алу үшін жол қозғалысына қатысушылар жол ережесі мен жылдамдық режимін қатаң сақтауы керек. Әсіресе көлік қозғалысы қарқынды аумақтарда аса сақ болған жөн, – делінген полиция хабарламасында.

Баланың туыстары оқиға 19 қыркүйек күні сағат 18:30 шамасында болғанын айтады. Олардың сөзінше, көлік жүргізушісі аулада «жатқан полицей» болғанына қарамастан, жоғары жылдамдықпен жүрген.