«Жүрегімнің ішіндегі»: Сәкен Майғазиев оқырмандарын қызықтырып қойды

«Жүрегімнің ішіндегі жүрегіммен әсем Алматыны аралап», – деп жазды әнші

Белгілі әнші Сәкен Мағазиев әлеуметтік желідегі парақшасында жұбайы Динара Мағазиевамен бірге түскен жаңа видеосын жариялады.

Бейнежазбада ерлі-зайыпты Алматы қаласын бірге аралап жүрген сәттері көрсетілген.

«Жүрегімнің ішіндегі жүрегіммен әсем Алматыны аралап», – деп жазды әнші видеоға.

Желі қолданушылары ерлі-зайыптыға жылы лебіздерін білдіріп, отбасына бақыт тіледі. «Бақытты болыңыздар», «Бала-шағаларыңыздың қызығын көріңіздер», «Керемет жұпсыздар» деп жазды оқырмандар пікірлерінде.