Каратэші Әсел Қанай XX жазғы Азия ойындарының финалына шықты

Жартылай финалда отандасымыз Чакрия Ванмен (Камбоджа) күш сынасып, қарсыласына еш мүмкіндік қалдырмады. Есеп: 3-0.

Жапонияда өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында каратэден 2-жарыс күні жалғасып жатыр,  – деп хабарлайды Aikyn.kz Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.

Әселдің финалдағы қарсыласы енді анықталады. Ақтық сындар бүгін түсте басталады.
Еске сала кетейік, Әсел Қанай – 2023 жылы Ханчжоу қаласы қабылдаған XIX жазғы Азиаданың қола жүлдегері.
Айта кетейік, XX жазғы Азия ойындары 4 қазанға дейін жалғасады. Қазақстан Ұлттық құрамасының сапында 558 спортшы қатысып жатыр. Олар жарыс бағдарламасындағы 35 спорт түрінен жүлдеге таласады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.