Баскетболдан Қазақстан командасы Азия ойындарын сәтті бастады

А тобындағы отандастарымыз Шри-Ланкамен кездесуде жеңіске жетті.

XX жазғы Азия ойындарында баскетболдан (3х3) Қазақстан ерлер командасы топтық кезеңдегі алғашқы жеңісіне қол жеткізді,  – деп хабарлайды Aikyn.kz Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.

А тобындағы отандастарымыз Шри-Ланкамен кездесіп, 17:15 есебімен басым түсті. Ұлттық құрама ойыншысы Артур Жүнісов матч барысында 7 ұпай жинады. Одан кейін нәтижелі көрсеткіш бойынша Мансұр Сейілханов (5 ұпай) тұр.
Енді Қазақстан құрамасы бүгін түстен кейін Моңғолиямен ойнайды. Одан кейін 23 қыркүйекте Филиппинмен кездеседі.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.