Азиада-2026: Геннадий Головкин ұлттық құраманы құттықтады

Қазақстан ҰОК президенті Геннадий Головкин Аичи-Нагояда өтіп жатқан Азиада-2026 ойындарының алғашқы күнінде тасжолдағы велоспорттан екі алтын медаль жеңіп алған Қазақстан ұлттық құрамасын құттықтады.

Геннадий Головкин ұлттық құраманың тарихи жеңісін атап өтті,  – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Геннадий Головкин әйелдер арасындағы жекелей жарыста жеңімпаз атанған Рината Сұлтанованы және ерлер арасындағы жекелей жарыста алтын медальға ие болған Алексей Луценконы құттықтады. Бұл – Алексей Луценконың Азия ойындарындағы бесінші алтын медалі.
Алда ұлттық құраманы тағы екі маңызды жарыс күтіп тұр: әйелдер мен ерлер арасындағы топтық сайыстар.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.