Қуанышбек Үштаев Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы болып тағайындалды

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.

Мемлекет басшысының өкімімен Қуанышбек Өскенбайұлы Үштаев Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы лауазымына тағайындалды, — деп хабарлайды Aikyn.kz

Сонымен қатар Мемлекет басшысының өкімімен Мереке Мәтімұлы Көшекбаев Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы лауазымынан босатылды.