Петропавлдағы алып фермада миллиондаған қозықұйрық өсіп жатыр. Ең қызығы — мамандардың айтуынша, саңырауқұлақтың салмағы сағатына шамамен 3%-ға дейін артуы мүмкін.
Сондықтан оны қашан жұлу керегін дәл анықтау маңызды. Ерте жинаса — салмақ жоғалады, кеш қалса — тауарлық түрі бұзылады.
Температура мен ылғалды техника бақылайды. Ал соңғы шешімді бәрібір адамның көзі мен қолы қабылдайды.
Толық бағдарламаны осы сілтеме арқылы көре аласыз.