Қасым-Жомарт Тоқаев шейх Мұхаммед бен Рашид Әл Мактумға көңіл айтты

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев БАӘ Вице-Президенті, Премьер-министрі, Дубай Әміршісі шейх Мұхаммед бен Рашид Әл Мактумға інісі шейх Ахмед бен Рашид Әл Мактумның қайтыс болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, — деп хабарлайды Aikyn.kz

Мемлекет басшысы Біріккен Араб Әмірліктерінің өркендеуіне, ұлттық қауіпсіздікті нығайтуға және экономикалық өсімді қамтамасыз етуге шейх Ахмед Әл Мактумның айтарлықтай үлес қосқанын атап өткен.

Қасым-Жомарт Тоқаев Әл Мактум әулетінің мүшелеріне риясыз қолдау білдіріп, осы қайғылы сәтте бекем болуға шақырды.