Құтқарушылар Сәтпаев шыңында қиындыққа тап болған туриске көмек көрсетті

Өзіңізді жайсыз сезінген жағдайда дереу көмекке жүгініңіз.

Алматы облысының Қарасай ауданында, Сәтпаев шыңында (биіктігі 4153 м) Алматы қаласының Мониторинг және жедел әрекет ету орталығының құтқарушылары 22 жастағы туристке көмек көрсетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Турист өзін жайсыз сезініп, өздігінен төмен түсе алмаған. Құтқарушылар оны Эко-бекетке дейін түсірді. Әрі қарай ол қалаға өздігінен жол тартты.

ТЖМ ескертеді: таулы жерге шығар алдында дене дайындығыңызды, денсаулық жағдайыңызды және ауа райы жағдайларын ескеріңіз. Өзіңізді жайсыз сезінген жағдайда дереу көмекке жүгініңіз.